{metadescription}
Ақтүтек боран: Ақтөбе облысындағы жолдың бәрі жабылды
Ақтүтек боран: Ақтөбе облысындағы жолдың бәрі жабылды

Ақтүтек боран: Ақтөбе облысындағы жолдың бәрі жабылды

Ақтүтек бораннан Ақтөбе облысындағы жолдардың бәрі жабылды. Жапалақтап жауған қар мен ұйытқи соққан желден трассада түк көрінбейді. Қауіпсіздік үшін тәртіп сақшыларымен бірге құтқарушылар да жол бойындағы бекеттерде кезекшілікте тұр.

Жамбыл Нұралиев, Ақтөбе облысы ПД қызметкері:

Ақтөбе облысында ауа райы күрт өзгеріп, бораннан түк көрінбей, көлік қашықтығы нашарлады. Қобда ауданынан бастап, Батыс Қазақстан облысына дейін барлық көліктің жүруіне шектеу қойылды.

Боран күшейгенде ең алдымен Ақтөбе облысынан Оралға қарай баратын жолда көлік қатынасына шектеу қойылған еді. Түстен кейін көршілес Қостанай мен Қызылорда, Атырау облыстарына шығатын жолдар жабылды. Қаладан тысқары аудандарға ешбір көлік өткізілмейді. Бұрынғыдай емес, екертуді елемей боранды күні жолға шығатын жүргізушілер азайды деп қуанады жол сақшылары. Былтырдан бері айыппұлмен жазалау нәтиже берді деп отыр. Ақтөбе қаласының өзінде де бұрқасын ұйытқып тұр.

Білім ошақтарында сабақ тоқтамағанымен, баланы қауіпсіздік үшін мектепке жіберу-жібермеуді ата-ана еркіне қалдырған. Боранды күні жапалақтап жауған қарды коммуналшылар шығарып үлгермей жатыр. Қар тазартуға 13 мердігер мекемінің 200-ден аса техникасы тартылған.

Болат Серіков, Ақтөбе автомобиль жолдары және ТҮКШ бөлімінің басшысы:

Тәулігіне 24 сағат бригадалар екі тәулікпен жұмыс істеп жатыр. Ең бірінші қала көшелері, қаланың маршрут көшелері тазаланады. Одан кейін әлеуметтік нысанға барар жолдар. Содан кейін екінші жолдар тазаланатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде