Сейсмологтар «зілзала болады» деген ақпаратты жоққа шығарды
Жер сілкінісіне қатысты бір жылға арналған болжам айдың аяғында жарияланады. Осылай деген төтеншеліктер мен сейсмологтар «15 қаңтарда магнитудасы 5 жарым болатын жойқын зілзала болады» деген ақпаратты жоққа шығарды. Сөзі сенімдірек болуы үшін қаңтардың 10-ынан 17-ісіне дейінгі аралыққа арналған қысқа мерзімді зерттеу жасаған.
Автор: Салтанат Шырынхан
12.01.2024
Еске салсақ, осыдан бірер апта бұрын әлеуметтік желіде бір блогердің халықты дүрліктірген видеосы тарады. Онда желі қолданушысы 15 қаңтар күні шаһарда жойқын зілзала болатынын хабарлаған. Бірақ жауапты мамандар оны ресми түрде растамады. Өйткені шаһарда магнитудасы 5.5 баллдық дүмпу күтілмейтінін арнайы зерттеулер арқылы анықтаған. Айтуларынша, қаланың астаң-кестеңін шығаратын жер сілкінісі 7 баллдан басталады. Бір қуанарлығы, қазір қалаға төнетіндей ондай қауіп жоқ. Мамандар қаладағы 17 мың ғимаратқа сейсмотексеріс жүргізген екен.
Нұрсарсен Өзбеков, ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы басшысының орынбасары:
— Қандай мәлімет келіп түссе де, оның нақтылығын ескерген жөн. Ол мәлімет қайдан келіп жатыр? Блогерлерден бе, жер сілкіністерінің заңдылықтарын білетін адамнан келіп жатыр ма, жоқ тосын бір жол-жөнекей блогерлерден келіп жатыр ма, соған ден қойған дұрыс. Себебі мамандардың айтатын шешімі, олардың айтқан жөн сілтеген жолдары ғылыми деректерге негізделген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!