{metadescription}
Былтыр жылусыз қалған Риддер енді судан тарығып отыр
Былтыр жылусыз қалған Риддер енді судан тарығып отыр

Былтыр жылусыз қалған Риддер енді судан тарығып отыр

Былтыр жылусыз қалған Риддер қаласы енді тіршілік нәрінен тарығып отыр. Себебі шағын шаһарды сумен қамтитын Громотуха өзенін қар көшкіні басып қалған.

Көшкін 45 шақырым қашықтыққа түскендіктен, оған бару мүмкін емес. Сол себепті 55 мыңнан астам тұрғыны бар қала тұрғындары бір тәуліктен бері сусыз отыр. Өйткені Громотуха өзеніне түскен қалың қар су арнасын бөгеп тастаған. Коммуналдық қызмет мамандары жерастынан берілетін су тоспасын іске қосуға әрекет жасауда.

Дәулет Батырбаев, Риддер қаласының әкімі:

Қазір нөлдік камераны қардан тазартып жатыр. Кешеден бері жұмыс ітеуде. Менің ойымша, бүгін бір жарым сағат ішінде шаһарға ауыз су беріледі. Тек ресми ақпаратқа сеніңіздер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.