{metadescription}
Астанада теолог, мешіт, шіркеу қызметкерлері антиваксерлерге түсіндіру жұмысын жүргізеді
Астанада теолог, мешіт, шіркеу қызметкерлері антиваксерлерге түсіндіру жұмысын жүргізеді

Астанада теолог, мешіт, шіркеу қызметкерлері антиваксерлерге түсіндіру жұмысын жүргізеді

Астанадағы теологтар, мешіт пен шіркеу қызметкерлері антиваксерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тартылады. Яғни діни себептерге байланысты екпеден бас тартқан жандарға емхана қызметкерлерімен қоса, молдалар дерек пен дәйек арқылы иммундауға көндірмекші. Елордадағы қызылша жағдайы мен балаларына екпе салдыруға қарсы ата-аналармен осындай жұмыс жүргізілетіні туралы бүгін Астана денсаулық сақтау басқармасы айтты.

Астанада күн сайын 30 адамнан қызылша дерті анықталып жатыр. Бұл көрсеткіш алдағы айлармен салыстырғанда төмендегенімен, эпидахуал әлі де күрделі. Биыл тек 11 күннің ішінде қызылшаның 289 бастапқы және 110 расталған жағдайы тіркелді.

Қауіпті дерт әсіресе балалар арасында күрт көбейген. Мәселен мектепке дейінгі білім беретін 21 ұйымда оның ішінде 18 балабақшада осы вирус анықталған. Ал мектеп оқушылары арасында ауру белгілері анықталған жағдайда іс-шаралар тоқтатылып, жан-жақты шектеу қойылуда. Астананың бас мемлекеттік санитария қызметі дерттің дендеуіне вакцинация қарқынының төмендігі себеп деп отыр. Мәселен, науқастардың 80 пайызға жуығы қызылшаға қарсы екпе алмаған.

Сархат Бейсенова, Астана бас мемлекеттік санитария дәрігері:

Қызылша өте жұқпалы, яғни таралуы жылдам болуы да маңызды рөл атқарады. Қызылшаның таралуын болдырмау үшін топтық иммунитетінің жалпы көрсеткіші бүкіл халық арасында 85-90 пайыздан кем болмауы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.