{metadescription}
БЖТ тоқтатылуына орай пәтер бағасы өсуі мүмкін бе? Мамандар пікірі
БЖТ тоқтатылуына орай пәтер бағасы өсуі мүмкін бе? Мамандар пікірі

БЖТ тоқтатылуына орай пәтер бағасы өсуі мүмкін бе? Мамандар пікірі

Биыл бірыңғай жиынтық төлемнің тоқтатылуына байланысты пәтер бағасы өсуі мүмкін. Кейбір жылжымайтын мүлік мамандары осылай деп отыр. Өйткені баспананы жалға берушілер кезінде бір айға тек 3450 теңге салық төлесе, енді жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, табысының бір пайызын мемлекетке береді.

Онымен қоса әлеуметтік төлемдер де бар. Тиісінше, қалтасы қағылмас үшін кәсіпкерлер жалдау ақысын өсіруі бек мүмкін дейді. Бірақ риелторлардың пікірі мүлде бөлек.

Пәтерді жалға беріп нәпәқа табу елімізде кең таралған кәсіптің бір түрі. Мәселен, Алматыда 250 мыңға жуық адам шағын және орта бизнеспен айналысады. Ал соның 20 мыңы пәтерді жалға беріп жан сақтап отыр. Осындай жолмен күнкөруді былай қойып, шалқып жүргендер де жетіп жатыр. Енді оларға тықыр таянды. Биылдан бастап табысына сай салық төлейтін болады. Ал кәсіпкердің шығысы көбейсе, тауар құнын көтере салатыны бәріне мәлім.

Әсел Досымбекова, жылжымайтын мүлік маманы:

Бірыңғай жиынтық төлемнің тоқтатылуы пәтерді немесе үйді жалға беретіндерге тікелей тиеді. Енді өз-өзін жұмыспен қамтып отырғандар салықтан бөлек әлеуметтік төлем, зейнетақы аударымы мен медициналық сақтандыруды төлейді. Сәйкесінше, егер бұл соманы жалға берушінің қалтасы көтермесе, әрине, пәтерінің жалдау ақысын көтереді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалға берілетін пәтердің құны орта есеппен бір шаршы метріне 3200 теңге болыпты. Алдыңғы жылмен салыстырғанда төрт жарым пайызға қымбаттаған. Құны жоғары пәтерлер бойынша көшті бастап тұрған Алматы, кейін Астана. Негізінде жалдау ақысының құны көбіне сұранысқа байланысты.

 Ирина Милаярова, жылжымайтын мүлік сайтының шолушысы:

Бірыңғай жиынтық төлемнің тоқтатылуы нарыққа қалай әсер ететінін нақты айту қиын. Кейбір жалға берушілер салық сомасын жалдау ақысының үстіне қосуы мүмкін. Бірақ баспананы жалдау нарығына әлдеқайда көбірек әсер ететін – сұраныс.

Ал сұраныс бұл нарықта қазір мәз емес.

Нәзгүл Смағұлова, риелтор:

Біз былтыр толық жиһаз қойылған, жөнделген жаңа тұрғын үй кешенінде екі бөлмелі, 45 шаршы метрден бастап, 400-500 мыңға оңай өткізетінбіз. Қазір 400-дің өзіне сұраныс жоқ. Өйткені ұсыныс көп.

Аталмыш өзгеріске байланысты жалдау ақысының көтерілуі екіталай дейді риелторлар. Бірақ нарықты не күтіп тұрғанын ешкім дөп басып айта алмайды. Сұраныс артса, бірыңғай жиынтық төлемнің бар-жоғына қарамай бағаның қайта шарықтайтыны жасырын емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде