{metadescription}
Алматы зообағына — кірекей ақ аю, зебра, Амур жолбарысы, шимпанзе, қызғылт фламинго
Алматы зообағына — кірекей ақ аю, зебра, Амур жолбарысы, шимпанзе, қызғылт фламинго

Алматы зообағына — кірекей ақ аю, зебра, Амур жолбарысы, шимпанзе, қызғылт фламинго

Алматының хайуанаттар бағы жануарлармен толықты.  Атап айтқанда кірекей ақ аю, зебра, Амур жолбарысы, шимпанзе және қызғылт фламинго.

2023 жылы хайуанаттар бағындағы 25 түрлі жануардан 80 төл алынған. Оның Арасында көгілдір қой, кенгуру, кірпі, лемур, теңбіл бұғы, үй қодасы, Чапман зебрасы, жапон тырнасы, африкалық улы сұр жылан бар. Әсіресе «Пурга» атты ақ кірекей көптің назарын аударады. Ал Паша деген есім берілген шимпанзе былтыр Лола атты жұбын тауыпты. Ол да Пурга сияқты Мәскеуден жеткізілген.

Еске салайық, былтыр Алматы зообағының мамандары Нарынқол ауданында әлсірген қар барысын құтқарған. Үш айға жуық күтімнен кейін жануар Іле Алатауы ұлттық саябағының аумағына жіберілді. Ал өткен айда Ақтаудан жіберілген екі фламингоның бірі жолды көтере алмай өліп қалыпты. Екіншісі қазір ветеринарлардың бақылауында.

Гүлдана Баубекқызы, Алматы хайуанаттар бағының ветеринары:

Келгеннен кейін карантинге қойдық. Одан кейін құрттарынан арылттық. Қазір екі уақыт тамақ беріледі. Тамағы жақсы деуге болады. Тартылған ет беріледі. Сиыр етін тартып, жұмыртқа, ботқа беріледі. Қазір жағдайы жақсы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде