«Көз алдымда құлады». Шымкенттік оқушы дене шынықтыруда есінен танып көз жұмған
Шымкенттегі №48 мектепте оқушы көз жұмды. 8-сыныпта оқитын Азамат Тұрдалы дене шынықтыру пәнінде есінен танып құлаған. 14 жастағы жеткіншектің нақты неден өлгені әзірге белгісіз.
Автор: Бек Әбиев
12.01.2024
Жеткіншек бұрын-соңды денсаулығына шағым айтпаған. Тіпті ешқандай тіркеуде де тұрмаған. Дене шынықтыру пәні басталғаннан кейін бес минут өткенде есінен танып құлап, жедел жәрдем көлігіне саламыз дегенше жан тапсырған. Қайғылы жағдай болған кезде спортзалда 8-сыныптан бөлек, тағы 11-сыныпқа жаттығу болып жатқан. Қазір мектептің спортзалына мұғалімдер ырымдап күріш шашып, шеге қағып қойыпты.
Азаматтың денесі бүгін Шымкентте жерленді. Ал мектептегі өлімге қатысты тексеру басталғанымен, полиция департаменті ешқандай да ақпарат бермеді. Көз алдында болған оқыс жағдайдан ұстаздары да есеңгіреп жүр.
Нұрлан Байсейітов, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:
— Менің көз алдымда құлады, құлап бара жатып көзі аларын кетті. Бастаңа ештеңе жоқ. Артында Жанболат деген сыныптасы тұрған. Жүгіріп барып сұрадымғ дәрігер шақырыңдар дедім. Келді, олар өз әрекетін жасады. Мен аяғына массаж жасадым. Жүрегі ісіп кеткен дейді. Ағасы бізге сөйтіп айтты,кеше барып хабарын алдық қой, бұрыннан осындай ма еді деп...
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!