{metadescription}
Атырау облысында өзіне жанармай құйып өртеген азаматтың жағдайы ауыр 
Атырау облысында өзіне жанармай құйып өртеген азаматтың жағдайы ауыр 

Атырау облысында өзіне жанармай құйып өртеген азаматтың жағдайы ауыр 

Атырау облысында үстіне жанармай құйып өзін өртеген азамат жансақтау бөлімінде жатыр. Денесінің 80 пайыздан астамын күйік шалған науқастың жағдайы тым ауыр. 

Оқыс жағдай Мақат ауданындағы Доссор кентінде болған. 62 жастағы азамат екі қабатты үйдің ауласында өзіне от қойыпты. Мұны көрген көршілері бірден көмекке ұмтылған. Өмірден баз кешкен тұрғынның бала-шағасы бар. Құзырлы орган өкілдері мұндай сұмдыққа отбасындағы жағдай себеп болған дейді.

Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД ресми өкілі:

Өзін өзі өртеу дерегі бойынша ҚР ҚК 105-бабы, яғни өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Алдын ала ақпарат бойынша отбасылық жанжалдан соң өзін өртеп жіберген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде