{metadescription}
Өскеменде үйлердің арасында спортшыны белгісіз біреу атып кеткен
Өскеменде үйлердің арасында спортшыны белгісіз біреу атып кеткен

Өскеменде үйлердің арасында спортшыны белгісіз біреу атып кеткен

Өскеменде тапа-тал түсте спортшы оққа ұшып өлді. Оны шаһардағы көпқабатты үйлердің кіреберісінде белгісіз біреу атып тастаған.

Қанды қылмыстың видеосы әлеуметтік желілерге таралған. Онда күдіктінің ер адамға бірнеше рет оқ атқанын байқауға болады. Атылған оқтың екеуі спортшының мойны мен иегіне дәл тиген. Ауыр жарақаттан жәбірленуші тіл тартпастан көз жұмды. Қаза тапқан 33 жастағы азамат бокс, күрес және кикбоксинг спорт түрімен шұғылданып, ережесіз жекпе-жектерде топ жарған екен. Тіпті спорт шебері атағына үміткер болған. Кейін полиция қаланың қақ ортасында қарудан оқ атқан 26 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Алайда оның бұл қылмысқа не үшін барғаны белгісіз. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Жандос Иманбаев, ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары:

Патрульдік қызметкерлер 10 минуттың ішінде ұстады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде