{metadescription}
«Тағы бір көлік». «Майқайың-алтында» құлаған автобустың апат алды видеосы шықты
«Тағы бір көлік». «Майқайың-алтында» құлаған автобустың апат алды видеосы шықты

«Тағы бір көлік». «Майқайың-алтында» құлаған автобустың апат алды видеосы шықты

Павлодар облысындағы «Майқайың-алтын» кенішінде құлаған автобустың апат алдындағы видеосы жарияланды. Бақылау камерасына жазылған таспада тағы бір автокөліктің келе жатқаны анық байқалады. Бірақ ол алдындағы автобус құлағанда тоқтап үлгерген.

Құтқарушылар мінген автобус құлағанда шұңқырдың шаңы бұрқ ете қалған. Бірақ автобустың соңында келе жатып кілт тоқтаған көлікте кімнің болғаны белгісіз. Қазір осы таспаны арнайы құрылған штаб басшылығы мен республикалық комиссия жіті тексеріп жатыр.

Еске салсақ, оқыс оқиға осыдан он күн бұрын болған. Кеніштен шақырту алған үш тау-кен құтқарушысы мен жүргізуші автобуспен 150 метр тереңдікке құлаған. Кейін екі адамның денесі табылып жоғарыға шығарылды. Ал тағы екі адам мен автобусты іздеу әлі жалғасып жатыр. Құтқарушылар арнайы құрылғымен техниканың шамамен қай жерде жатқанын анықтаған. Бірақ қазаншұңқырдағы топырақ опырылып, он күннен бері автобус пен ішіндегі екі адамды алып шығу мүмкін болмай тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде