{metadescription}
Ескертуді елемей жолға шыққандар құтқарылып жатыр
Ескертуді елемей жолға шыққандар құтқарылып жатыр

Ескертуді елемей жолға шыққандар құтқарылып жатыр

Сақылдаған сары аяздан еліміздің бірқатар өңірінде мектепте сабақ тоқтатылды. Ақтөбе облысында оқушылар қашықтан оқуға жіберілсе, Қарағанды өңірінде тек бастауыш сыныптағылар мектепке бармайды. Ақмола облысында екі күн қатарынан ақтүтек боран басылмай тұр. Бұл аймақта қарыс қадым көрінбей, жолдар жабылды. Көлік қатынасына шектеу қойғанымен, ескертуді елемейтіндер аз емес.

Сақылдаған сары аяздан Ақтөбе облысының оқушылары бүгін сабаққа бармады. Сынап бағанасының отыз градустан төмен түскеніне байланысты білім басқармасындағылар балаларға мектепке келмеуге рұқсат берген. Өңірдегі жеті аудан мен облыс орталығында оқушылар қақаған аязда үйінен шықпай, қашықтан оқып жатыр.

Нұргүл Бертілеуова, Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары:

«Қазгидрометтің» берген ақпаратына сәйкес Алға, Хромтау Мұғалжар, Қобда аудандарында және Ақтөбе қаласында ауа температурасы төмендеуіне сәйкес сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Және оқушылардың оқу жүктемесінің әдеттен тыс артуына жол берілмейді.

Хромтау қаласы маңында шыңылтыр аязда шетелдіктер мінген автобус жолда қалды. Көлікте Мәскеуден еліне қайтып бара жатқан 24 Өзбекстан азаматы болған. Оларды жол сақшылары жақын жердегі қонақ үйге жеткізіпті.

Іші салқындап кетті, Ресейден. Өзбекстанға бара жатыр. Жылыту орнына, қонақ үйге алып келдік. Қалай қабылдадың, Сапар?

Ал Ақмола облысында да соңғы екі күн қатарынан ақтүтек боран көз аштырмай тұр. Қарыс қадам көрінбей, тиісті қызмет 17 республикалық, 12 облыстық маңызы бар жолдарды жауып тастады. Соған қарамастан алыс жолға шыққандар көп. Солардың бірі таңғы бес жарымда Астана- Петропавл бағытында кетіп бара жатып бұзылып қалған автобуста 66 тәжік азаматын құтқаруға тура келді. Арасында 14 әйел мен бір бала бар. Оның үстіне аяз да көтерілген. Жолаушылар Ақкөлдегі колледж ғимаратына орналастырылыпты. Өткен тәулікте жылыту бекеттеріне 172 адам жеткізілген. Барлығы ауа райының қолайсыздығына мән бермей жолға шыққан.

Олег Малюк, Ақмола облысы ТЖД басқарма бастығы:

Алдын ала ескертулерді елемей жолға шығатындар өздеріне ғана емес, тіпті басқалардың да өміріне қауіп төндіретінін ойлау керек. Түрлі жол апаттары мен қайғылы оқиғалар осындай жағдайларда орын алады.Сондықтан, қолайсыз ауа райында жолға шықпаңыздар!

Шынында да, алай-дүлей боран тапа тал түсте 15 көліктің бірден бір бірімен соғылуына себеп болды. Жол көлік оқиғасы Астана-Петропавл тасжолында болды. Әйтеуір автобандағы апатта адам аман. Көліктері қатты зақымданған. Жол полицейлері жүргізушілердің ара қашықтықты сақтамауы осындай жағдайға әкелді деп отыр. Қазір жол апатына кінәлі анықталып жатыр.Осы күні тәртіп сақшылары 600 автокөлікті алып жүруге тура келген.

Қарағандыда көктайғақтан трассалар жабылды. Жолда қалған алпыс жолаушыны жылы жерге жеткізген. Бұл өңірде де аяз сынбай тұр. Үскірік аяздан бастауышта оқитындарға сабақ болмай қалды. Ал жоғары сынып оқушыларына сабақ уақыты қысқартылып, жарты сағаттан өтіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.