{metadescription}
«Тапталып қалған». Астанада пойызға асыққан жолаушылар эскалаторға жаншылып қала жаздады
«Тапталып қалған». Астанада пойызға асыққан жолаушылар эскалаторға жаншылып қала жаздады

«Тапталып қалған». Астанада пойызға асыққан жолаушылар эскалаторға жаншылып қала жаздады

Астанада жапа-тармағай пойызына асыққан жолаушылар бір-бірін итеріп, эскалаторға жаншылып қала жаздады. Оқиға ескі вокзалда болған. Көрген-білгенін ұялы телефонына таспалап, әлеуметтік желіге салған куәгердің айтуынша, бір адам қалың нөпірдің астында тапталып қалған.

Оқиғаға қатысты «Қазақстан Темір жолы» бүгін түсініктеме берді. Ауа райының күрт суып, бірнеше автожолдың жабылуы жолаушылар ағынын күрт көбейткен. Бір мезетте келген қос пойызға вокзалда жиналған халық лап беріп, кептелісті қолдан жасаған. Қазір теміржол вокзалы штаттық режимде жұмыс істеп тұр дейді вокзал басшылығы.

Оксана Джигарина, вокзал басшысы міндетін атқарушы:

Иә, шынымен кеше сағат кешкі он мен он бір шамасында адамдар кептеліп қалды. Екінші жолға Түркістан - Павлодар, ал үшіншісіне Көкшетау-Нұрлы жол бағыты бойынша пойыз келіп тұрақтаған. Халық осы ретте эскалаторға қарай бірден ағылды. Бірін-бірі өткізбей шыдамсыздық танытты. Сол мезетте бірден эскалаторды тоқтатып, адамдарды баспалдақпен түсірдік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.