{metadescription}
«Көрпе-жастығы кір-кір, есік-терезесі желімделген». Атырау ауруханасының видеосы таралды
«Көрпе-жастығы кір-кір, есік-терезесі желімделген». Атырау ауруханасының видеосы таралды

«Көрпе-жастығы кір-кір, есік-терезесі желімделген». Атырау ауруханасының видеосы таралды

Көрпе-жастығы кір-қожалақ, есік-терезесін желімдеп қойған. Атыраудағы №2 облыстық аурухананың мүшкіл жағдайы әлеуметтік желіге жарияланды. Оны жұпыны палатада жатқан науқастың анасы түсіріп алған екен.

Баласы ішек инфекциясынан ем-дом алып жатқан әйел бұл ауруханада ешқандай жағдай жасалмағанын айтады. Бәрі ескі-құсқы, тазалықтан мақұрым деп ашынды. Ал аурухана әкімшілігі емдеу мекемесі 2016 жылдан бері күрделі жөндеу көрмегенін, оған қоса науқастардың көптігінен палаталарға ескі кереует кіргізуге мәжбүр болғанын айтып ақталуда. Айтуынша, тазалық уақтылы жасалады, төсек-орындар да санитарлық талапқа сай көрінеді. Аурухана басшылары биыл ғимаратқа жөндеу жүргізіледі деп сендірді.

Надя Ерғалиева, №2 Атырау облысы ауруханасының директоры:

Бұл аурухана қазір үш аурухананың орнын жауып отыр. Ересектердің инфекциялық ауруханасы, балаларға арналған инфекциялық аурухана және бізде қалалық балалар ауруханасы жоқ. Осы үш аурухананың орнын жауып отырмыз. Науқастар қайда барады? Баратын жер жоқ, осы жерден емдейміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.