Алматыда ереже бұзған жүргізушінің кесірінен үш адам жараланып, ұзын-сонар кептеліс болды
Алматыда жол ережесін бұзған жүргізушінің кесірінен үш адам жараланып, қаланың қозғалысы ең көп көшеде ұзын-сонар кептеліс жасады.
Автор: Салтанат Шырынхан
15.01.2024
Апат әл-Фараби мен Достық даңғылының қиылысында болды. Toyota Camry жүргізушісі жол ережесін елемей, рұқсат етілмеген көшемен тіке жүріпті. Сөйтіп ол бордюрге соғылған күйі автобусқа жаншылған. Қатты жылдамдықтан тоқтай алмай, жол жиегіндегі полиция көлігіне соғылып барып аударылған. Апатта екі тәртіп сақшысы жараланды. Жүргізуші де түрлі жарақат алған. Қазір оған қатысты тергеу жүріп жатыр. Ал апат салдарынан қозғалысы көп даңғыл бірнеше сағатқа жабылып, кептелістегі көліктің санында шек болмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!