{metadescription}
Маңғыстау облысы аумағына 700 мың гектардай жер қосылды
Маңғыстау облысы аумағына 700 мың гектардай жер қосылды

Маңғыстау облысы аумағына 700 мың гектардай жер қосылды

Каспий теңізінің жағалауындағы 700 мың гектардан астам жер Маңғыстау облысының аумағына қосылды. Бұрынғы шекара теңіз жағалауында аяқталатын.

Өңірдің шекарасы өзгеріп, жер көлемі 17 млн 300 мың гектарға жетті. Атқамінерлердің айтуынша, теңіз жағалауының кеңеюі аймақ туризмін дамытып, өңірге қосымша инвестиция тартуға мүмкін береді. Үкімет қаулысы қабылданғаннан кейін бұл жер учаскелері облыстың жер резервіне енгізіледі. Сондай-ақ Ақтау қаласында, Қарақия және Түпқараған аудандарында теңіз жағалауларын бөлу жұмысы жүргізіледі.

Батырбек Тәжімұханов, Маңғыстау облысы жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Каспий теңізінің жан-жағында орналасқан бес мемлекеттің бірде-бір шекарасы осы Каспийге өтпеген. Осыған байланысты Каспий жағалауындағы бастапқы сызық және теңіздің 15 миліне дейінгі аралықты мемлекет шекарасына байланысты әбден болады. Сол себепті біз қазір осы бастапқы сызықты қосып алып жатырмыз. Бұл өз кезегінде өңіріміздің экономикалық дамуына және туризмді дамытуға, сонымен қатар бюджет түсімін көбейтуге, кез келген теңіз жағалауына салынатын объектілерді заңды түрде жүзеге асыруға негіз болып табылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде