{metadescription}
Мал ұрлығы өршіп тұр — 400-ге жуық барымташы ұсталды
Мал ұрлығы өршіп тұр — 400-ге жуық барымташы ұсталды

Мал ұрлығы өршіп тұр — 400-ге жуық барымташы ұсталды

Елде мал ұрлығы өршіп тұр. Тек былтырдың өзінде осындай жолмен табысқа кенелген 59 қылмыстық топтың жолы кесілген. Ұсталғандар саны 400 адамға жуық.

Алматы облысында төрт жігіт жылқы ұрлап, үйір-үйірімен басқа өңірлерде саудаға салыпты. Ал Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында 19-21 жас аралығындағы жігіттер ауылдастарының қорасында мал қалдырмай ұрлаған. Мұндай деректер әр өңірде жетерлік. Ұрланған мал етін көтерме бағамен арзанға өткізіп, түскен ақшаны бөлісіп отырады. Ұсталғаны сотталып жатқанымен, жер сипап қалатын мал иесіне өтемақы да жоқ. Ішкі істер министрлігі қылмыстық кодексте мал ұрлығына қатысты арнайы бап енгізілгенін еске салып, бұл қылмыс үшін 12 жыл бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертеді. Сондай-ақ, мал иесіне де сақтық шарасын қатаң ұстануға шақырады.

Жандос Батырбеков, ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары:

Малды қараусыз қалдырмау үш жақты келісімшартқа отыру керек (иесі - әкімшілік - малшы). Асыл тұқымды малды бақылау үшін GPS-трекер орнатуы керек. Мал басын міндетті түрде таңбалау, бұл болашақта ұрланған және жоғалған малды іздеуге септігін тигізеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде