{metadescription}
Қоғамдағы өзекті мәселе — отбасында әке рөлі төмен
Қоғамдағы өзекті мәселе — отбасында әке рөлі төмен

Қоғамдағы өзекті мәселе — отбасында әке рөлі төмен

Отбасында әкенің рөлі төмен. Бұл қоғамдағы өзекті мәселенің бірі. «Тәрбиені білім ошағынан бастау керек» деген ұстаздар әке мен бала арасындағы тығыз қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайтуға осылай үлесін қосуға ниетті.

Аталмыш тақырып аясында бүгін Алматыдағы №145 мектеп-гимназиясының мұғалімдері семинар өткізді. Шараға оқушылардың әкелері де арнайы шақырылған. Мақсат  жанұядағы ер-азаматтың ұрпағына деген махаббаты мен ақыл-кеңесі, көмегі қашан да маңызды екенін жеткізу. Кешегі қоғам мен бүгінгі қоғамда бала тәрбиелеу мәселесінде өзгешелік бар. Өскелең ұрпақтың санасына әкені тұлға ретінде, келекшекте әулеттің ақсақалы болатынын ұғындыру керек дейді. Ұл-қыздың әкеден гөрі, шешесіне иек артуы қазір жасырын емес. «Ер кіндіктілер өзін отбасының тек асыраушысы ретінде ғана санап, ұрпақ тәрбиесінен алыстап кеткелі қашан», - дейді семинар ұйымдастырған ұстаздар. Сондықтан отбасы құндылығын бәрінен биік қоятын халқымыз бала тәрбиесін «әке мен анаға ортақ іс» деп санайды.

Күлпән Алтаева, бастауыш сынып мұғалімі:

Бұл жерде мамандық таңдаудағы әкенің рөлі. Әкелер өз мамандығының шебері болғандықтан, өмірден көрген, өмірден алған бар білімін баласына үйрету. Оқушымен жұмыс істеу. Көп ғасыр тарихы бар әкелер достығы. Атадан әкеге, әкеден балаға дарыған ұрпақ сабақтастығы. Осындай сабақ көрсетеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде