{metadescription}
ШҚО: Күршім ауданында төтенше жағдай жарияланды
ШҚО: Күршім ауданында төтенше жағдай жарияланды

ШҚО: Күршім ауданында төтенше жағдай жарияланды

Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Себебі бұл өңірді қалың қар басып қалған. Кей жерлерде ақ ұлпаның қалындығы екі метрге дейін жетеді. Коммуналдық қызмет бір апта бойы жауған қарды тазартып үлгермей жатыр.

Әсіресе Марқакөлге қарасты бірқатар ауылмен байланыс үзіліп, қатынас тоқтаған. Қар құрсауында қалған тұрғындарға азық-түлік пен дәрі-дәрмекті тікұшақпен жеткізіп жатыр.

Апта бойы толассыз жауған қар Күршім ауданының тіршілігін тұралатып тастады. Әсіресе марқакөлдіктер қар астында қалды. Қарой, Қарашілік, Төсқайың, Бұғымүйіз және Шанағаты ауылдарына көлік тұрмақ, жаяу адамның жетуі мұңға айналған. Кейбір жерде қардың қалындығы екі метрге жеткен.

Құтқарушылардың жол талғамайтын көліктерінің өзі қалың қарға омбығып, тұсаулы аттай титықтап жатыр. Мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшірілген. Ал баспанасынан шыға алмай қалған жұрт ауласын ақ ұлпадан тазартып әлек. Олар далада қалған төрт түлік түгілі, көршісінің үйіне бара алмай отыр.

Даладағы жылқыға бір жетіп алсақ. Бір жұма болды, ешкім жете алмай жатыр. Сол жылқыға бір жетіп алсақ деп отырмыз. Жылқыларды бір Құдайға тапсырдық. Бар ма, жоқ па, ешкім білмейді.

Жол тазалаушы мекемелер Марқакөл және Төсқайың ауылдарының арасын тәулік бойы торып жүр. Қар дер кезінде тазаланбаса, қатынас тоқтап қалады. Жұмылдырылған 24 арнайы техника қалың қарды күреп үлгере алмай жатыр.

Мейіржан Әлібеков, ШҚО, Күршім ауданы әкімінің орынбасары:

Марқакөл, Төсқайын ауыл округі бағытында дәл қазір бес техника жұмыс істеуде. 25 шақырымға дейін қар тазаланды. Әрі қарай жұмыс жалғасып жатыр. Марқакөл, Қараой, Қайнарлы бағытында 30 шақырым жолдың сегізі қалды.

Бұрқасын толастамай, Күршім ауданында табиғи сипатта төтенше жағдай жарияланды. Ал қар астында қалған қарашаның азық-түлігі де таусыла бастаған. Сондықтан аудан билігі құрсауда қалған елдімекендерге керек-жарақ пен дәрі-дәрмек тікұшақ арқылы жеткізіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде