{metadescription}
 Алакөл ауданы мәслихатының депутатын пышақтаған күдікті ұсталды
 Алакөл ауданы мәслихатының депутатын пышақтаған күдікті ұсталды

 Алакөл ауданы мәслихатының депутатын пышақтаған күдікті ұсталды

Депутатты көптің көзінше өлтірген. Жетісу облысында осындай қылмысқа барған күдіктіні полицейлер көпке ұзатпай қолға түсірді. Жас жігіт Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямовты пышақтап тастаған.

Полиция қылмысқа Слямовтың қызметінің қатысы жоқ деп отыр. Дәурен Слямов кездейсоқ кикілжің кезінде ажал құшыпты. Үшаралдағы салынып жатқан нысандардың бірінде жұмысшылар төбелесіп, депутат араша түскен көрінеді. Сол кезде суық қаруын ала жүгірген қаскөй, пышағын Слямовқа сұғып алған. 37 жастағы азамат оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Нұрболат Шаму, Жетісу облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы:

Күдікті 24 жастағы жергілікті тұрғын екені анықтады. Ол оқиға орнынан қашып кеткен. Ұсталған адам Алакөл ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. уға алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде