{metadescription}
Арман Шаққалиев: Еліміз инфляцияға лайықты төтеп беріп отыр
Арман Шаққалиев: Еліміз инфляцияға лайықты төтеп беріп отыр

Арман Шаққалиев: Еліміз инфляцияға лайықты төтеп беріп отыр

Сауда министрі жұмыртқаға қатысты мәселеге пікір білдіріп, елдегі қоғамдық тамақтану орындары мен азық-түлік бағасы Еуропамен теңесіп қалды дегенге де күмән келтірді. Арман Шаққалиевтің айтуынша, әлемнің көптеген елінде инфляция ырық бермей тұр және біздің еліміз бұл жағдайға лайықты төтеп беріп отыр екен.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

Мұның бәрі қай сегмент, соған байланысты. Фастфуд немесе премиум мейрамхана дегендей, мұнда бәрі біркелкі емес. Сондықтан мен бүгінде Қазақстан аймақтық деңгейде де, әлемдік рейтинг кестелерінде де анти-көшбасшылар тізімінде емес екенін атап өткім келеді. Тамақтану құны мен азық-түлік бағасы сіздің талғамыңызға және қаржы мүмкіндіктеріңізге байланысты.

Министр алыс-жақын шетелдерде азық-түлік бағасының нақты қаншаға өскеніне де тоқталды. Мәселен, Орталық Азиядағы көршілес елдерде азық-түлік инфляциясы орташа есеппен он пайыз шамасында болса, Түркияда бұл көрсеткіш 70 пайызға жеткен.

Артынша Шаққалиев нақты бір өнімді мысалға келтірді. Министрдің айтуынша, қазір елімізде жұмыртқаға қатысты жағдай бақылауда, ал бағаның көтерілуіне маусымдық сұраныс себеп екен.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

Жұмыртқаға қатысты жағдай толық бақылауда. Шынымен де, жұмыртқаның бағасы көтерілді, біз оны жасырмаймыз. Біз шамамен 2,5% өсім көріп отырмыз. Атап өту керек, бұл маусымға байланысты. Мысалы қыста тұтынуымыз үнемі артады. Сәйкесінше баға көтеріледі. Ал жазда бағасы құлдырайды. Бізде бағаның айтарлықтай ауытқуы бар – 30-40%-ға төмендеу бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.