{metadescription}
Жоғалған екі балықшыны іздеуге сүңгуірлер мен техникалар тартылды
Жоғалған екі балықшыны іздеуге сүңгуірлер мен техникалар тартылды

Жоғалған екі балықшыны іздеуге сүңгуірлер мен техникалар тартылды

Жамбыл облысында бес тәуліктен бері із-түзсіз кеткен екі балықшы іздестіріліп жатыр. Бүгін Билікөлдегі іздеу операциясына қосымша сүңгуірлер мен арнайы техника тартылды.

Тұрғындардың мәліметінше, бес күн бұрын Жуалы ауданының екі тұрғыны көл ортасына қайықпен кеткен. Сол уақыттан бері хабар-ошар жоқ. Жергілікті жұрт балықшылар көлге кеткен уақытта жел тұрып, күн райы күрт өзгерген дейді. Қазір қос балықшы тірі табылар деген үмітпен іздестіру үздіксіз жүріп жатыр. Оған жергілікті тұрғындардан құралған еріктілер тобы да атсалысуда.

Карина Карташова, Жамбыл облысы ТЖД ресми өкілі:

Ауа райының қолайсыздығына байланысты іздеу қиындады. Қазір Билікөл көлі маңында жүргізіліп жатқан іздестіруге Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 14 адам және үш пилотсыз ұшу аппараты, жүзу құралы, бір эхолот жұмылдырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.