{metadescription}
Шетелде трансгендерлер шоуын тамашалаған екі мұғалім жұмысынан айырылды
Шетелде трансгендерлер шоуын тамашалаған екі мұғалім жұмысынан айырылды

Шетелде трансгендерлер шоуын тамашалаған екі мұғалім жұмысынан айырылды

Түркияда трансгендерлер шоуын тамашалаған Қызылорда облысының екі мұғалімі жұмысынан айрылды. Бірақ білім саласына жауапты шенеуніктер қармақшылық ұстаздардың мектептен кетуін басқа жағдаймен байланыстыруда.

Қармақшы ауылындағы №250 лицейде жұмыс істеген мұғалімдердің қысқы каникул кезіндегі демалысы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Оқытушылар Түркиядағы түнгі клубтағы қыдырысын әлеуметтік желіге жариялаған. Оны көрген ата-аналар шу көтеріпті. Бұл қылықтарын оқу-ағарту министрлігіндегі комитет төрағасы да құптамады. 

Ернұр Дәуенов ұстаздардың трансгендерлер шоуына баруы «педагогикалық әдеп қағидатына жат» деді. Ал Қызылорда облысының білім басқармасындағылар «бұл жағдай мұғалімдердің жұмыстан кетуіне түк қатысы жоқ» деп ақталды. Олар бірнеше күн қатарынан жұмыстан себепсіз қалғаны үшін лицейден шығарылыпты.

Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі:

Басқармаға қарасты Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы №250 мектеп-лицейінде жұмыс істеген мұғалімдер ақысыз демалыс алған күндерінен бөлек, 2-5 жұмыс күндері аралықтарында белгісіз себеппен, ескертусіз жұмыстан қалған. Сол себепті ҚР Еңбек кодексінің 49-бабы 5-тармағына сәйкес өз арыздарымен жұмыстан босатылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде