{metadescription}
«Авто-ломбард». Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрғандар сотталды
«Авто-ломбард». Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

«Авто-ломбард». Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

Ақтөбеде сот авто-ломбард атын жамылып қаржы пирамидасын құрғандарға үкім кесті. Күмәнді қаржы ұйымына жетекшілік еткен екеудің бірі 9 жыл, екіншісі 8 жыл түрмеде отыратын болады.

Қаржы пирамидасын құрған қылмыстық топ мүшесі ретінде төрт адам сот алдында жауап берді. Олар тоғыз ай бойы өңір тұрғындарын алдап келген. Алғашқыда автокөлікті қымбат бағаға алып, оны нарық құнынан арзанға өткізіп отырған. Одан түскен ақшаны пирамидаға адам тартуға жұмсапты. Қызығып, күмәнді ұйым құрығына түскендер кейін көлігін ала алмай сан соғып қалған. Шығын көлемі 400 миллион теңгеден асады.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

Ақшалай қаражатты одан әрі төлеу мақсатында үшінші тұлғаларға төмендетілген бағамен сатылды. Сатып алу-сату шарттарына сәйкес, залал сомасы 404 млн теңгені құрады. Сот Дәулетовті 9 жылға, Жанасаевты 8 жылға, Құдасовты 7 жылға және Жайлаубайды 7 жылға соттады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде