{metadescription}
Елімізде сегіз мың адам онлайн саудадан жапа шеккен
Елімізде сегіз мың адам онлайн саудадан жапа шеккен

Елімізде сегіз мың адам онлайн саудадан жапа шеккен

Онлайн саудадан аузы күйген үш жарым мың қазақстандықтың ақшасы кері қайтарылды. Бұл шамамен 50 млн теңгенің заты.

Жұрттың соңғы кезде, әсіресе массаж құрылғыларына әуестігі артқан дейді сауда министрі. Тауарды тек интернет бетінде ғана көріп-біліп алғанның зияны осындайда көрінуде. Құрысып қалған денені жазамын деп, қол жеткізген тауары үйге жеткізілген соң көңілінен шықпай жатқан жайттар көп. Ал онлайн дүкендердің басым бөлігі тауарды кері қайтарып алуға құлықты емес. Осылайша сан сылтаумен тұтынушының қалауы орындалмай жатады. Сауда министрлігіне бас-аяғы электронды саудагерлерден жапа шекккен 8 мың адамнан өтініш түсіпті.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

Электронды саудадан жапа шеккен 8 мың адамнан шағым келіп түсті. Бұл таза нарық-құқық қарым қатынасы дегім келеді. Алған тауары көңілден шықпасатұтынушы кері қайтаруға құқылы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде