{metadescription}
«Тапшылық». Алты жылдан соң электр қуатының жеткіліксіздігі 6 гигаваттан асады
«Тапшылық». Алты жылдан соң электр қуатының жеткіліксіздігі 6 гигаваттан асады

«Тапшылық». Алты жылдан соң электр қуатының жеткіліксіздігі 6 гигаваттан асады

2030 жылға қарай елімізде энергия тапшылығы туындауы мүмкін. Жауапты министр жаңа станциялар салынып, ескіргені жөнделгеніне қарамастан алты жылдан соң электр қуатының жеткіліксіздігі 6 гигаваттан асады деп болжады.

Салыстырмалы түрде қарасақ, қазір, яғни күзгі-қысқы кезеңде дүйім ел 16 гигаватты тұтынып отыр. Ал 2030 жылы бұл көрсеткіш 28-ге жетеді деп болжануда. Ол уақытқа дейін жаңа қуат көзін қосқанның өзінде елімізде небәрі 22 гигаватт қуат өндіріледі. Дегенмен бұл станциялар мен желілерде жоспарланған жөндеу жұмыстары сәтті жүргізілсе ғана жүзеге асырылады. Ал елдегі электр станцияларының жартысысынан астамының тозығы жеткен. Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы әлі күнге дейін шешімін таппаған атом электр станциясының іске қосылуы болмақ.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

АЭС-ын салуға қатысты республикалық референдум қашан өтетіні белгісіз. Үкімет аймақтарды аралап, халықпен және мүдделі тараптармен кездесу өткізіп, атом энергетикасын сала ретінде дамытудың артықтылышығын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Референдумның қай күні өтетінін Орталық сайлау комиссиясы бекітеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде