{metadescription}
«Майқайың-алтын»: Табылмаған екі азаматтың аман қалуы ықтимал дейді
«Майқайың-алтын»: Табылмаған екі азаматтың аман қалуы ықтимал дейді

«Майқайың-алтын»: Табылмаған екі азаматтың аман қалуы ықтимал дейді

Павлодар облысындағы «Майқайың-алтын» кенішінде жер астына түсіп кеткен автобустағы екі адамның туыстары олар әлі де тірі болуы мүмкін деген сенімде. Ал төтенше жағдайлар вице-министрі құтқару жұмыстарының аса ауыр жағдайда жүріп жатқанын айтты. Десе де екі аптадан бері табылмаған екі азаматтың аман қалуы ықтимал дейді Бауыржан Сыздықов. Ол дәл осындай ғажап оқиға шет мемлекеттердің бірінде болғанын айтады.

Бауыржан Сыздықов, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі:

Ондай да жақсы болжам бар. Бірақ нақты уақытын дөп басып айта алмаймыз. Өйткені жағдай өте күрделі. Автобустың қай жерде жатқаны анықталғанымен, оған жету оңай болмай жатыр. Арнайы құрылғы автобусты көрсеткенімен, оның астында бос кеңістік болуы мүмкін. Құтқарушылардың өміріне де қауіпті.

Жер астында қалған 36 жастағы Айдос Шәймерден кеніште 13 жыл жұмыс істеген екен. Бес баласы бар, оның бірі мүгедек. Туған-туысқандары Айдостың аман-есен табылатынына сенімді. Сақылдаған сары аязда, қиындықтарға қарамастан іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқандарға оңай емес екенін түсінеміз дейді олар. Дегенмен автобус шығарылып, онда адамдар болмаған жағдайда құтқару жұмысы тоқтап қалмаса екен деген тілектерін жеткізді. Жоғалған азаматтың әкесі кәсіпорын құтқарушыларды қажет құрал-сайманмен қамтамасыз етпей отыр дейді. Олар ескі техникамен жұмыс істеп жатыр екен. Бірақ бұл жағдайды айтуға туысқандарына тыйым салыпты.

Нұрбақыт Сансызбай, Айдостың ағасы:

Біз көмек сұраймыз. Іздестіру жұмыстары жүрмей жатыр деп айта алмаймыз. Бірақ біз сұхбат берсек, полиция соңымызға түсіп, кеніш маңынан қуып шығады. Сосын сол маңға өткізбей қояды. Қазір әрбір минут қымбат. Бауырымның аман екеніне сенімдімін, мүмкін сүйегі зақымданған шығар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде