{metadescription}
Костенко шахтасындағы жарылыс. Тергеу аяқталды
Костенко шахтасындағы жарылыс. Тергеу аяқталды

Костенко шахтасындағы жарылыс. Тергеу аяқталды

Қарағандыда Костенко шахтасындағы жарылысқа байланысты бұрынғы «Арселор Миттал» компаниясының 9 лауазамды тұлғасы қамауға алынған. Бас прокуратура аталған қылмыстық істі тергеу аяқталып қалғанын айтты.

Бас прокуратура осыдан бір ай бұрын 7 адам ұсталғанын хабарлаған болатын. Оның қатары тағы толығып жатқанға ұқсайды. Аталған тұлғалар шахтадағы қауіпсіздік техникасы мен еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауаптылар екен.

Еске салсақ, қазанның 28-іне қараған түні Костенко шахтасында метан газы жарылған. Апат кезінде шахтада болған 252 кеншінің 205 сыртқа шығып үлгерді. Ал апат ошағына жақын жүрген 46 адам қаза тапты. Олардың денесін құтқарушылар бірнеше күн іздеп әрең тауып алып шықты. Апаттан кейін жұмыс істеген мемлекеттік комиссия осыған жауапты 19 лауазымды тұлға анықталғанын мәлімдеген. Ол тізімді компанияның бұрынғы бас директоры Владимир Яблонский бастап тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде