{metadescription}
Қызылша: Ақтөбеде бес сәби жансақтау бөлімінде жатыр
Қызылша: Ақтөбеде бес сәби жансақтау бөлімінде жатыр

Қызылша: Ақтөбеде бес сәби жансақтау бөлімінде жатыр

Ақтөбеде қызылшамен ауырған бес сәби жансақтау бөлімінде жатыр. Жұқпалы індеттен тынысы тарылғанымен, ешбірін арнайы апаратқа қоспапты.

Жансақтау бөлімінде жатқан сәбилердің ең кішкентайлы алты айлық, ал үлкені екі жарым жаста. Ешбірі қызылшаға қарсы екпе алмаған. Дәрігерлер кезінде вакцина алған аналардың аағзасында аурудан қорғайтын антидене болатынын айтады. Сәбиді емізгенде ана сүтімен сол қызылшадан қорғайды екен. Бірақ антидене мөлшері төмендесе балаға қауіпті. Сондықтан вакцина салдыртқан жөн. Қазір жұқпалы аурулар ауруханасында қызылша жұқтырған 145 науқас емделіп жатыр. Олардың көбі балалар. Қалған жиырма шақты ересектің арасында жүкті келіншектер де бар.

Бақытжан Түлкібаева, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Бес баланың біреуі де апаратта емес. Олар жаңадан түскен науқастар. Барлығы екпе алмаған. Сондықтан олардың алғашқы диагноздары пневмония, бронхиолит, бронхит. Жансақтау бөлімшесінде бақылауда жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде