{metadescription}
«Ағзамды донор ретінде беруге келісемін». Министр мәлімдеме жасады
«Ағзамды донор ретінде беруге келісемін». Министр мәлімдеме жасады

«Ағзамды донор ретінде беруге келісемін». Министр мәлімдеме жасады

«Ағзамды донор ретінде беруге келісемін». Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният адам қайтыс болған жағдайда іш құрылысын трансплантациялауға рұқсат ететінін мәлімдеді. Қазір донор мәселесі әлемнің бірқатар елінде өзекті.

Ведомство басшысы мұндағы проблеманы медицинамен емес, моральдық этикамен байланыстырды. «Адам қайтыс болса да, оның ағзасы белгілі бір уақытқа дейін жұмыс істей беретінін түсінуі керек», - дейді министр. Денсаулық сақтау министрлігінде электронды тіркеу жүргізілуде және онда азаматтар электронды үкімет арқылы мәйіт донорлығына қатысты өз таңдауын білдіреді. Қазір ведомство жаңа заң жобасын жазу үшін жан-жақты ақпарат жинап жатқан көрінеді. Ажар Ғиният бұқара ішінде ақпараттық түсіндіру кеңінен жүргізелетінін атап өтіп, елдегі трансплантацияның артықшылығына тоқталды. Мәселен, өткен айда екі донор тоғыз адамның өмірін сақтап қалған екен.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Бүгінгі таңда 40 мыңнан астам біздің еліміздің азаматы өзінің ойын осы регистрде білдіріпті. Соның 15 пайызы өзін қандай да жағдайда қайтыс болған кезде "ағзамды басқа азаматтардың өмірін сақтау үшін тастап кетемін" деген ойын айтыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.