{metadescription}
«Мораторий жарияласын». Балқаш ауданында жан-жануарды қынадай қырып жатыр
«Мораторий жарияласын». Балқаш ауданында жан-жануарды қынадай қырып жатыр

«Мораторий жарияласын». Балқаш ауданында жан-жануарды қынадай қырып жатыр

Жан-жануарлар әлемі жойылып кетуі мүмкін. Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов Алматы облысы Балқаш ауданында аң аулауға уақытша мораторий жариялауды сұраған халықтың талап-тілегін жеткізіп, премьер-министрдің орынбасарына браконьерлерге қатысты депутаттық сауал жолдады.

Іле өзенінің сағасын жайлаған жұрт өңірдің экологиясы бұзылып, аң-құстардың азайып бара жатқанына алаңдаулы. Себебі соңғы уақытта браконьерлер күрт көбейген. Қару асынған қаскөйлер түз тағыларын қынадай қырып жатыр екен. Ал құзырлы орган тарапынан қатаң қадағалау жоқтың қасы. Ол аздай, аң атуға рұқсат беретін қағаз оңды-солды сатылып жатыр дейді жергілікті жұрт. Сондай-ақ қанша құс пен жабайы аңның ауланғаны туралы да есеп-қисап жүргізілмейді екен. Бұл бәз біреулердің жеке бизнесіне айналғандай. Әсіресе демалыс күндері ауданға өзге өңірлерден мыңдаған көлік келіп саят құрады екен. Соның салдарынан жабайы аң-құстың популяциясы азайып, Іле мен Балқашта балық азайған. Аудан халқы аң аулауға уақытша мораторий жарияланбаса, табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, жан-жануарлар әлемі жойылып кетеді деп қорқады.

Данияр Қасқарауов, Мәжіліс депутаты:

 Кезінде жекенің қолына өтіп кеткен шұрайлы жерлер Іле-Балқаш резерватында орналасқан. Осы табиғи қорыққа бұқар бұғысы, елу бас құлан әкелінген екен. Алдағы жылы Тұран жолбарысын жібермекші. Резерваттың айналасын браконьерлер торып, ортасында жеке демалыс орталықтары орналасса, Қызыл кітапқа енген аң-құстарды қалай көбейтеміз?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.