{metadescription}
Шымкентте ірі құрылыс заттарын сататын базар күлге айналды
Шымкентте ірі құрылыс заттарын сататын базар күлге айналды

Шымкентте ірі құрылыс заттарын сататын базар күлге айналды

Шымкентте ең ірі құрылыс заттарын сататын базар өртеніп кетті. Түнгі сағат бірде тұтанған өрт 1300 шаршы метр аумақты шарпып, тауарлар күлге айналды.

Өрт түнде тұтанғандықтан бұл маңда күзетшілерден өзге ешкім болмаған. Құрылыс дүкендері бір-біріне тым тығыз орналасқандықтан бір мезетте бірнеше нысан өртеніп кетті. Дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер дүкеннің маңында іргелес тұрған өзге сауда орындары мен тұрғын үйлерді оқшаулап үлгерген. Өрт сөндіруге 45 техника мен 233 маман жұмылдырылған. Бұл сауда қатары жарты жыл ішінде екінші рет отқа оранды. Қазір полицейлер өрт қауіпсіздігін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, тексеру жұмыстарын бастады.

Еркін Отарғалымұлы, Шымкент ТЖД бастығының орынбасары:

Өрт шығуда негізгі себебін қарастырып отырмыз. Бірінші сі электр техникалық сипатта, яғни электр желілерді пайдаланғандағы бұзушылық. Екінші сі адамдардың қауіпсіздік ережесін сақтамауы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде