{metadescription}
«Тоққа түсер жайымыз жоқ». Алматыдағы Қайрат тұрғындары іргесіндегі құрылысқа қарсы
«Тоққа түсер жайымыз жоқ». Алматыдағы Қайрат тұрғындары іргесіндегі құрылысқа қарсы

«Тоққа түсер жайымыз жоқ». Алматыдағы Қайрат тұрғындары іргесіндегі құрылысқа қарсы

«Тоққа түсіп өлетін жайымыз жоқ»! Алматыдағы Қайрат шағын ауданының тұрғындары үйлеріне іргелес салынып жатқан құрылысқа қарсы шықты. Айтуларынша, заңды белшесінен басқан компания жоғары кернеулі электр желісін жер астындағы кәріз құбырының бойымен тартқан.

Кәріз жүйесінен су кетсе, апат салдарын елестетудің өзі қорқынышты дейді халық. Ал аудан деңгейіндегі шенеуніктер бұл мәселені шешуге құлық танытпаған көрінеді.

Жангүл Нөпірова Қайрат шағын ауданында тұрып жатқанына жеті жылдан асқан. Осындағы көршілері сияқты таза ауасы мен орналасқан жеріне қызығыпты. Қаланың шуынан қашық, бірақ орталыққа да Шығыс айналма жолымен тез жетеді. Алайда жазда басталған көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы берекемізді қашырды дейді.

Жангүл Нөпірова:

Мынау «А-строй» компаниясы тамыз айынан бастап сала бастады. Әу бастан бізге проблема тудырып, басқаша бір әрекет жасап бастаған. Енді әлі де бізбен бірге келісімге келмей жатыр. Талабымыз жоғары кернеулі кабельді шығарып, басқаша жолмен істесін.

Кешен құрылысына мұндағы бүтін бір көше үзілді-кесілді қарсы. Құрылыс компаниясы қаіпсіздік ережесін белшесінен басып отыр дейді. Себебі жоғары кернеулі электр желілері жер астымен жүргізіліпті. 10 киловольт сымдар тура кәріз жүйесімен қабаттастырыла тартылып, тұрғындардың өміріне қауіп төндіріп тұр дейді.

Марат Милушев:

Бізде орталық кәріз жүйесі тартылып жатыр. Қасымызда «Жас Қайрат» тұрғын үй кешені салынуда. Құрылысын «А-Строй» мекемесі жасап жатыр. Мердігері «Береке Строй Групп». Олар қарама-қарсы орналасқан тұрғын үй кешенінен жердің астымен электр желісін жүргізіп жатыр. Кәріз жүйесі де осында.

Тұрғындар мәселені аудан шенділерінен бастап, архитектор мамандарға дейін хабарлаған. Ондағылар «бізге қатысы жоқ» деген сылтаумен түйткілді шешуге тырыспапты. Ал құрылыс компаниясы сұқбат беруден бас тартты. Әңгімені «заңға қайшы жұмыс істемедік» деп қысқа қайырды. Ал қала әкімдігі тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Алматы құрылысын бақылау басқармасы:

Аталған өтініш бойынша мердігер «Береке Строй Групп» ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Тексеруден кейін түсініктеме беріледі.

Бірақ тұрғындар компания өкілінің де, шенділердің де сөзіне сенбейді. Құрылысты тоқтатуға бекінген жұрт қала әкімінен бастап, мемлекет басшысына дейін мәселені шешіп беруін сұрап хат жазған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде