{metadescription}
Мұнайлыда оқушыларды ұрған мұғалім жұмыстан өз еркімен шықты
Мұнайлыда оқушыларды ұрған мұғалім жұмыстан өз еркімен шықты

Мұнайлыда оқушыларды ұрған мұғалім жұмыстан өз еркімен шықты

Маңғыстау облысында оқушыларды таяқпен тәрбиелеген мұғалім жұмыстан кетті. Себебі оқиғаны әлеуметтік желіден көрген ата-аналар шу шығарған болатын.

Әлеуметтік желіде таралған видео көпшіліктің талқысына ұшырады. Оқиға Мұнайлы ауданындағы IQ жекеменшік мектебінде болған. Бастауыш сынып мұғалімі сабақ кезінде оқушылардың қолынан таяқпен ұрып тезге салған. Алайда бұл әрекеті ата-аналарға ұнамай қалыпты. Жас мұғалімнің неге мұндай әрекетке барғанын мектеп басшылары да түсіндіріп бере алмады. Тіпті оқушылардың не бүлдіріп қойғаны да белгісіз. Десе де директор ұстазға қатаң сөгіс жариялаған. Мұндай әрекетке барған мұғалім өз ісіне ұялса керек, арыз жазып жұмыстан өз еркімен шығып кетіпті.

Маңғыстау облысының білім басқармасы:

Мұғалім төрт ай жұмыс өтілі бар жас маман. Мұғалімге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сондай-ақ негізгі мәлімдемеге сәйкес қатаң сөгіс тәртіп шарасы қолданылды. Мұғалім 17.01.2024 жылы өз еркімен жұмыстан шығып кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде