ДДСҰ қазақстандық вакцинаны неге әлі тіркемеген
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы отандық QazVac вакцинасын әлі күнге дейін тіркемей отыр. Бұған басты себеп — екпе жасалғанымен, оны дайындап нарыққа шығаратын зауыт құрылысы толық аяқталмаған.
Автор: Айжан Шамшидин
18.01.2024
Сондықтан бар мәселе вакцинаның сапасында емес, оны құтыларға құю, сақтау мен тасымалдауында дейді денсаулық сақтау министрлігі.
2020 жылы короновирус өршіп тұрғанда әлемге таныстырылған QazVac авторы — Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі Күнсұлу Закария. Әзірге Қазақстанның тек екпені құюға ғана рұқсаты бар. Ал басқа да компоненттерін әзірлеп сақтайтын кешен құрылысы әлі күнге дейін аяқталмаған.
Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
— Кешен құрылысы аяқталған соң, біз GMP-сертификатын аламыз. Бұл арқылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан тек короновирусқа емес, басқа да екпелерді шығарсақ патент ала аламыз деген сөз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!