{metadescription}
Сенатор қос палатаның неге шұғыл жиналғанын түсіндірді
Сенатор қос палатаның неге шұғыл жиналғанын түсіндірді

Сенатор қос палатаның неге шұғыл жиналғанын түсіндірді

Ел құлағы елу. Парламенттің бірлескен отырысы өтеді дегенді естігендер бірден "Үкімет ауысады-мыс" деп болжаған. Алайда қос палатаның шұғыл жиналуын сенаторлар бүгін бітімгер күштерін жіберу мәселелесіне байланысты деп түсіндірді.

Ақмарат Әлназарова Сенат депутаты:

Негізі Парламенттің құзіретіне Конституциямен бекітілген бірнеше функция бар. Соның бірі президент ұсынған Қазақстан тарапы алдына алған міндеттемелерін, бейбітшілік миссияларын орындау үшін Парламент бірлескен отырысында қарап бекітіледі.

Дегенмен Сенат қабырғасында берілген жауапта нақты қай елге бітімгер күштерінің жіберілейін деп жатқаны ашық айтылмады.

Жалпы «Бітімгерлік қызмет туралы» заң 2015 жылы қабылданған. Оған сәйкес, әскери қызметкерлердің мұндай операцияларға қатысуы туралы ұсынысты Президент ортаға тастайды. Одан кейін Парламенттің бірлескен отырысында талқыланып, ортақ шешім қабылдануға тиіс. Үкімет бұл ретте әскердің құрамын, саны мен қызмет атқару мерзімін анықтайды.

 Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан сарбаздарын Бірккен ұлттар ұйымының бітімгер миссияларына жіберген. Ол көбіне қалаларды, елдімекендерді минадан тазалаумен айналысты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде