{metadescription}
Таиланд: Отшашу зауытындағы жарылыста 20 адам мерт болды
Таиланд: Отшашу зауытындағы жарылыста 20 адам мерт болды

Таиланд: Отшашу зауытындағы жарылыста 20 адам мерт болды

Таиландтағы отшашу шығаратын зауытта жарылыс болып, 20 адам көз жұмды. Жараланғандар туралы әзірге ақпарат жоқ.

Оқиға ел астанасы Бангкоктың солтүстік-батысында болған. Суфан Бури провинциясындағы зауытта сол уақытта шамамен 20-30 жұмысшы жүріпті. Мамандарға оларды табу қиынға соғуда. Себебі жойқын жарылыс маңайдың бәрін тып-типыл еткен. Ел билігі жарылыстың себебі анықталып жатқанын мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, дәл осындай оқиға бұдан екі жыл бұрын болған. Ол кезде бір адам қаза тауып, үшеуі ауыр жарақат алған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде