{metadescription}
Әли Бектаев: Наурыз мерекесіне жалпыұлттық концепция қабылдау керек
Әли Бектаев: Наурыз мерекесіне жалпыұлттық концепция қабылдау керек

Әли Бектаев: Наурыз мерекесіне жалпыұлттық концепция қабылдау керек

Жалпыұлттық тұжырымдама қажет. Әли Бектаев қазақстандықтардың қалтасына салмақ түсіретін Жаңа жыл мерекесінен гөрі, ұлық мейрам Наурызды кеңінен тойлауды ұсынды.

Сенатордың пікірінше, жаңа жылды қарсы алу жылдан-жылға күрделеніп, отбасы мерекесінен материалдық шараға айналып бара жатыр. Мәселен, облыс, аудан, ауыл орталықтарында бюджет есебінен алып аршалар орнатылып, мұз қалашықтар салынып, отшашулар ұйымдастырылуда. Ал балалардың тілегін орындау үшін түрлі қымбат ойыншық пен сыйлық іздеп сабылып жүрген адамдардан сауда орталықтарында аяқ алып жүре алмайсың дейді Бектаев. Ұжымдық корпоративтер мен мектеп оқушыларына арналған әкімдердің шыршалары айтпаса да түсінікті. Қысқасы, депутаттың айтпағы «жаңа жылдық шараларда ысырапшылдық пен даңғазалық басым» дегенге саяды. Бұл ретте ол егеменді елде жаңа жылды тойлаудың ерекше идеологиялық негізі мен әлеуметтік дәстүрін қалыптастыратын уақыт келді деп санайды. Наурыз мейрамы жалпыхалықтық мерекеге айналса, ұлтымыздың ұтары мол, ұрпағымыздың ұпайы түгел болатыны даусыз.

Әли Бектаев, Сенат депутаты:

Мемлекетімізде балабақшадан бастап, барлық оқу орындары мен еңбек ұжымдарында, әр отбасында Наурыз мерекесін дәріптейтін, дәстүрге енгізуге мұрындық болатын, әр азаматтың санасына сіңдіре білетін жалпыұлттық концепция қабылдау керек. Наурыз көл-көсір дастарқан жайып, жүздеген киіз үй тігіп ысырапшылдыққа жол беретін мейрам емес. Әр отбасына, әр ауылға, әр өңірге рухани нәр беретін жаңашыл мерекеге айналуы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде