{metadescription}
Арыс наубайханасындағы жарылыстан бір адам өліп, екіншісі ауыр хәлде жатыр
Арыс наубайханасындағы жарылыстан бір адам өліп, екіншісі ауыр хәлде жатыр

Арыс наубайханасындағы жарылыстан бір адам өліп, екіншісі ауыр хәлде жатыр

Арыс қаласында наубайханадағы жарылыстан бір адам өліп, екіншісі ауыр хәлде  жатыр. Оқыс оқиға тапа-тал түсте қала орталығында болған.

Әуелі наубайхананың бір бөлігінен от шығып, жалыны ғимарат ішіндегі газ баллонын шарпыған. Бұл кезде нан пісіретін жерде Өзбекстаннан келген екі жұмысшы болған екен. Олар газ баллонды қауіпсіз жерге шығарып үлгермеген. Соның салдарынан қатты қызған газ баллоны жарылып, ғимараттың 300 шаршы метрі күл-талқан болды. Денесінің 70 пайызын күйік шалған 39 жастағы әйел ауруханада тілге келместен көз жұмды. Ал денесінің 35 пайызы күйген 25 жастағы екінші жұмысшы ауыр хәлде жатыр.

Талғат Тәжіметов, Арыс орталық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі:

Бүгін сағат 13 шамасында жағдайы ауыр әйел үлкен жарақат алғанына байланысты қайтыс болды. Ер баланың жағдайы қалыпты. Жансақтау бөлімінде емделіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде