{metadescription}
«Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарына ақша жинаған». Тексеру жүріп жатыр
«Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарына ақша жинаған». Тексеру жүріп жатыр

«Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарына ақша жинаған». Тексеру жүріп жатыр

Әкімнің орынбасарына ақша жинаған кім? Ақтөбе облысы шенеуніктерінің ашкөздігін әшкерелейді делінген бейнеролик үлкен дауға себепкер болғалы тұр. Әлеуметтік желіде тараған бейнероликте шенеуніктер облыс әкімі Асхат Шахаровтың орынбасары Ғалымжан Елеуовке ақша жинағаны айтылған. Қазір осы мәлімдеме бойынша тексеру жүріп жатыр.

Гүлбағда Көбеева, Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

Айтылып жатқаны, Ғалымжан Алмасбекұлы Елеуовтің, яғни Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарының қатысы бар ма, жоқ па, ол жағын білмейміз. Қазір ішкі тексеру жүріп жатыр. Сол кезде анықталатын болады. Ол жерде Руслан Әжниязов ӘКК төрағасының орынбасары. Ал екінші қызметкер бұрын бізде әкімдікте істеген.

Даулы бейнероликтегі жазбада әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының орынбасары Шахаровтың қаржы саласына жауапты орынбасары Ғалымжан Елеуовтың көмекшісіне ақша беріп жатқаны айтылады. Бұл қаржыны корпорациядағы қызметкерлерден жинап алған. Жаңа жыл қарсаңында берілген екі-үш айлық сыйақыны 12 миллион теңгеге толтырып, қолма-кол ақшаны конвертке салыпты. Әкім орынбасары расымен ақшаны алған-алмағанын ашық айтпай отыр. Бір белгілісі, көмекші деп көрсетілген адам жақында жұмыстан шығып кеткен. Ал корпорация төрағасының орынбасары Руслан Әжниязовқа қатысты қызметтік тексеру жүріп жатыр. Бұл мекемедегілер тек қызметкерлерінің сыйақы алғанын растады. Қалған сұраққа жауап бергісі жоқ.

Нарек Гегамян, «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация төрағасының орынбасары:

Кадр қызметімен жұмыс жүргізілуде. Бүкіл айтылған жағдай бойынша тексеріледі. Барлық қызметкерден түсініктеме алынады. Басқа да жұмыс жүргізіледі. Жыл аяғында әдетте сыйақы беріледі. Басқа ақпарат қосымша хабарланады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 шілде

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде