«UTC+5». 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі
Астана, Ақтөбе немесе Атыраудың уақыты деген енді болмайды. 1 наурыздан бастап елімізде бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі. Бүкіл Қазақстан енді тек UTC+5 деген белдеумен жүруі тиіс.
Автор: Мерей Қалиасқар
19.01.2024
Қазір батыс облыстарды қоспағанда, елдің көп бөлігі UTC+6, яғни алтыншы уақыт белдеуін қолданып жүр. Үкіметтің қаулысына сәйкес, бұдан былай Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу және Ұлытау облысының халқы уақытын бір сағат артқа жылжытуы қажет.
Жұмыс тобына енген ғалымдар мен сарапшылар бұл өзгеріс табиғи уақыт есептеуіне сай келеді деген ортақ пікірге келген. Сондай-ақ үкімет бұл әр өңір тұрғындары арасындағы уақытша кедергілерді жойып қана қоймай, көлік және басқа да коммуникацияны үйлестіруді жақсартып, азаматтардың тіршілігі мен денсаулығына да жағымды әсер етеді деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!