Пара алып шетелде шалқып жүрген салықшы елге жеткізілді
Грузиядан арнайы рейспен келді. Пара алып шетелде шалқып жүрген салықшыны құзырлы органдар елге жеткізді. Мемлекеттік кірістер органының бұрынғы қызметкеріне 37 млн тг пара алды деген айыппен іздеу жарияланған болатын. Қазір ол тергеу изоляторында.
Автор: Әсем Лесбек
19.01.2024
Ақтау әуежайында түсірілген видео. Қолы кісенделген азаматты прокуратура мен сыртқы істер министрлігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері бірігіп экстрадициялады. Мемлекеттік кірістер органының экс-қызметкері 2022 жылдың қаңтар мен тамыз айының аралығында кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып отырған делінеді. Дәлірек айтқанда, Қазақстан-Ресей шекарасындағы бақылау-өткізу пунктінен ауыр жүк көліктерінің кедергісіз өтуіне көмектескен. Енді оның қылмысы дәлелденсе 15 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!