{metadescription}
Жигули Дайрабав пен Дәулет Тұрлыханов Ұлттық құрылтайдан шығарылды
Жигули Дайрабав пен Дәулет Тұрлыханов Ұлттық құрылтайдан шығарылды

Жигули Дайрабав пен Дәулет Тұрлыханов Ұлттық құрылтайдан шығарылды

Саяси қызметімен ғана емес, басы даудан арылмаған туыстарымен де аты шыққан қос депутат Жигули Дайрабав пен Дәулет Тұрлыханов Ұлттық құрылтайдан шығарылды. Еліміздегі негізгі консультатив-кеңесші органның тізіміне олардан бөлек те біраз адамның есімі енгізілмеді.

Дайрабаевтың төңірегіндегі дау қазір сейілсе, Тұрлыхановтың туыстарының аты біраз шулы мәселеде әлі аталып жүр. Әуелі оның ұлы Алматыда адвокаттарды соққыға жықса, жақында інісі Рахат Тұрлыханов әйеліне жұдырық жұмсағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл екеуінен бөлек, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, саясаттанушы Қазбек Майгелдинов, сенатор Амангелді Төлемісов Ұлттық құрылтайдың өзгертілген тізіміне енгізілмепті. Олардың орнын бала құқықтары бойынша уәкіл Динара Зәкиева, мәжілісмен Нұрлан Әуесбаев пен Никита Шаталов және параспортшы Айсұлу Сүлейменова алмастырды.

Айта кетсек, қазір Ұлттық құрылтайдың көктемде өтетін үшінші отырысына дайындық жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде