{metadescription}
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25 пайызға дейін төмендетті
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25 пайызға дейін төмендетті

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25 пайызға дейін төмендетті

Ұлттық банк бүгіннен бастап базалық мөлшерлемені 15,25 пайызға дейін төмендетті. Мамамандар мұны экономикалық көрсеткіштің тұрақталуымен түсіндіреді. Сонымен қатар елдегі инфляция көрсеткішінің екі жылдан бері 10 пайыздан төмендегенін де айтты. Дегенмен инфляцияның қайта құбылуына жекелеген факторлар әсер етуі де мүмкін екен.

Екінші деңгейлі банктерге берілетін қарыз ставкасының төмендеуі негізінен тұрғындарды арзан несиемен қамтамасыз етуге бағытталған. Дегенмен Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге түрғындарға несие беруде қатаң талап қоюды міндеттеген. Қаржатты оңды-солды тарату ақша айналымын ұлғайтқанымен, инфляцияны өсіреді. Қазір инфляцияға тұрғын үй коммуналдық шаруашылығындағы реформалар мен ақылы қызмет көрсету кері әсер етіп тұр. Тарифтердің көтерілуіне байланысты қызмет көрсету саласындағы инфляция 12,4 пайызға өсті. Сонымен қатар баға өсіміне тұтынушылық несие берудің қатты қарқыны да әсер етеді дейді мамандар. Дегенмен әлемдік инфляцияның тежелуі Қазақстанға да ықпал етіп жатыр. Осыны пайдаланып базалық мөлшерлемені бірден 0,5 пайызға төмендету мүмкін болған. Жағдай тұрақты болса, ары қарай да түсіру жоспарда. Бірақ сыртқы және ішкі экономикалық құбылыстарға қарай бұл жұмыс тежелуі де мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде