Көкшетауда қыздар түнгі клубта төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті
Көкшетауда қыздар түнгі клубта төбелескен. Аяусыз жұдырық жұмсаған 31 жастағы келіншектен 27 жастағы қыз оңбай таяқ жеп, ауруханадан бір-ақ шыққан. Екеуі де ақыл тоқтатқан, әжептеуір қызметтегі арулар.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
19.01.2024
Түнгі клубтың би алаңында бір-бірін байқамай қағып кетсе керек. Алғашқыда сөз таластырып, артынша жұлыса кеткен. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған қыздар төбелесінде олардың алысып-жұлысып, асқан қатыгездікпен төбелесіп жатқаны көрініп тұр. Сол жердегі жігіттер оларды ажырата алмай әлекке түскен. 27 жастағы қыз өзінен төрт жас үлкен әйелден таяқ жеп қалды. Басынан жарақаттанып, ішінен соққы алған ол ауруханаға жеткізілген. Олардың бірі сот орындаушысының көмекшісі, ал екіншісі халыққа қызмет көрсететін мекемеде жұмыс істейді екен.
Гүлнәр Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
— Ақпарат медициналық мекемеден келіп түсті. Онда 27 жастағы қыздың түрлі дене жарақатын түнгі клубта алғанын айтылған. Бұзақылық бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. 31 жастағы әйелдің бұл іске қатысы бар-жоғын полиция анықтайтын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!