{metadescription}
Антициклон: Алдағы үш күнде күн райы күрт өзгереді
Антициклон: Алдағы үш күнде күн райы күрт өзгереді

Антициклон: Алдағы үш күнде күн райы күрт өзгереді

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт өзгереді — жел тұрып, қар жауады. Табиғаттың бұлай құбылуын «Қазгидромет» мамандары Шығыс Еуропадағы антициклонның келуімен түсіндіріп отыр.

Ауа ағымының арқасында Сібірден келген аяз сынып, күн біраз жылынады. Бірақ Теріскей мен Арқада соңы боранға ұласатын қар күтілуде. Ал оңтүстік-шығыста тұрақсыз күн райы сақталмақ. Қар жауып, кей жерлерде жел күшейеді. Елдің шығысында және оңтүстігінде күн ашық, жауын-шашынсыз.

Бақытжан Қанатұлы, «Қазгидромет» РМК синоптигі:

Ауа температурасы түнде еліміздің батысында 7-15 градус, солтүстік - батыста, солтүстікте және орталықта 15-23 градусқа дейін төмендейді. Ал шығыста 22-31 градус аяз, оңтүстік - шығыста 13-22 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстікте 5-13 градусқа көтеріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде