{metadescription}
«Құлагер» әдеби байқауы жарияланды
«Құлагер» әдеби байқауы жарияланды

«Құлагер» әдеби байқауы жарияланды

Алматыда республикалық «Құлагер» әдеби байқауы жарияланды. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қарсаңында ұйымдастырылған додаға әр түрлі жастағы қаламгерлер бағын сынай алады және қатысушылар санына шектеу жоқ. Игі шараның мақсаты — ұлттық спортты насихаттау.

Бәйгеге бұрын-соңды жарияланбаған, сиясы кеппеген шығармалар қабылданады. Жұмыстар ұлттық спорт тақырыбына арналуы керек. Дәлірек айтқанда, «Теңге Ілу», «Бәйге», «Жамбы ату», «Аударыспақ», «Көкпар» сынды тағы да басқа спорт түрлері басты тақырып болады. Жеңімпаздар қазылар алқасының шешімімен анықталып, тамыз айында жеті номинация бойынша марапатталады. Марапат «Құлагер» байқауының авторлық мүсіншесі мен Ұлттық спорт қауымдастығынан 2 млн теңге.

Әдеби кештің бүгін ресми ашылуы өтті. Жиынды Қазақстан жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов пен Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов ресми ашып берді. Қонақтар арасында Дулат Исабеков, Смағұл Елубай, Бексұлтан Нұржекеев, Қаназ Молдахмет сынды қоғам қайраткерлері бар. Халықаралық дәрежедегі тұңғыш шабандоз Бауыржан Мырзабаев да шараның құрметті қонағы болды. Ал игі шараны ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен Қазақстан жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырған.

Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы:

 — Жазда елімізде V халықаралық ұлттық ойындар жарысы өтеді. 100-ден астам елдің спортшылары қатысады. Ұлттық ойындардың спортшылары. Қазақстанда алғаш рет болайын деп жатыр. Рухымыз, ұлттық құндылықтарымыз қайта оралды деген сөз. Спорт жарысының аясында Қазақстан жазушылары мен ақындарына үлкен конкурс жарияланады. Ұлттық ойындарымыздың ерекшелігі, ұлттық ойындарымызға қатысты адамдардың мінез-құлқы, жалпы қазақ деген халықты өзге халықтарға таныту үшін керемет шығармалар жазылады деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде