{metadescription}
Қазақстан БҰҰ бітімгерлік миссиясына 430 сарбаз жібереді
Қазақстан БҰҰ бітімгерлік миссиясына 430 сарбаз жібереді

Қазақстан БҰҰ бітімгерлік миссиясына 430 сарбаз жібереді

Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымының бітімгерлік миссиясына 430 сарбазын жіберетін болды. Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында депутаттар тиісті құжатты мақұлдады. Әскерилер БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы, дәлірек айтқанда, Израиль-Сирия және Израиль-Палестина арасындағы, сондай-ақ Оңтүстік Судандағы миссиясына қатысады.

Қазақстан бітімгерлік күштерін алғаш рет өзі дербес мемлекет ретінде жіберейін деп отыр. Қорғаныс министрлігі сарбаздарымыз ашық ұрыс алаңдарына бармайды деп сендіруде. Тек елдімекендерді минадан тазалап, блок-бекеттерде қызмет атқарады.

2014 жылдан бері 600-ден аса қазақстандық сарбаз халықаралық ұйымның бітімгерлік шараларына қатысыпты. Ал биыл наурыздың басында бұған дейін өзге елдер жасағының құрамында қызмет еткен Қазақстан алғаш дербес өз туымен бітімгерлік миссиясын орындауға аттанады. Қорғаныс министрлігі геосаяси шиеленістің өршіген тұсында өңірлік, һәм ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерге төтеп бере алу машықтарын үйреніп алуымыз керек деп отыр.

Бұл жолғы БҰҰ аясында жіберілетін бітімгерлік операциясына қатысамын деушілердің қарасы көп. Оның ішінде нәзік жандылардың да үлесі бар. Себеп те жоқ емес. Жіберілетін әскерлерге айына мың доллардан төленіп, қызмет орны сақталып қалады. Құдай бетін әрі қылсын, десе де, ұрыс алаңында сарбаз көз жұмса, оның отбасына Қазақстан тарапы 60 айлық жалақы көлемінде аударады. Ал БҰҰ 77 мың доллар, ол біздің ақшаға шаққанда 35 млн теңгедей қаражат береді.

Олжас Құсайынов, ҚР Қорғаныс министрлігінің департамент бастығы:

Рота Голан биіктеріне жолданады. Ротаның саны 139 адам. Негізгі дислокациясы Фауар деген жерде болады. Заңнамаға сәйкес, қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы 60 жалақы көлемінде ақша алады.

Салаға жауапты министр Руслан Жақсылықов миссия орындауға "көлденең көк атты" бармайды деп отыр. Арнайы іріктеу жүргізіліп, қарулы күштердің таңдаулы әскерилері аттанады.

Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:

Іріктелген үздіктерден рота жасақталады. Құрамында бітімгерлік бөлімше, барлау бөлімшесі, инженерлік-саперлік бөлімше, техникалық бөлімше мен медициналық бөлімше бар. Біздің негізгі міндет елдімекендерді минадан тазалап, блок-бекеттерде қызмет атқару. Қарсылас тараптарды ажыратып, патрульдеу. Бірақ алдыңғы ұрыс шебінде жүрмейміз.

Құжатты бірауыздан мақұлдаған депуттар бұл қазақ әскерінің бойына қан жүгіртеді деп отыр. Алда-жалда болып қалуы мүмкін шиеленістерге дайын болу әр сарбаздың міндеті. Көршілес елдердегі қырғиқабақ қатынастарға біздің бітімгерлік күштің жөнелтілмейтіні де бүгін кесіп айтылды.

Ермұрат Бапи, Мәжіліс депутаты:

Енді БҰҰ, қазақшалап айтқанда, қолқа салып отыр. «Барыңдар, сол жерде бітімгершілік миссияны жүргізіңдер» дейді. Қазіргі миссияның мақсаты екі жақтың ортасында тұру. Мынау сол жердегі кикілжіңді басу емес. Ресей мен Украинанынң арасындағы соғыс оны әлі халықаралық деңгейде дәл осы әскер ретінде талқыланатын тақырып емес.

Ел қазынасынан бітімгерлерді тасымалдауға 8 млн доллар жұмсалады. Аттанатындардың қатарында келісімшартпен қызмет етіп жүрген әскерилер мен офицерлік құрам бар. Яғни мерзімді қызмет әскері мүлдем жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде