{metadescription}
«Мне тебя обещали» — өмірде болған шынайы оқиға
«Мне тебя обещали» — өмірде болған шынайы оқиға

«Мне тебя обещали» — өмірде болған шынайы оқиға

Қазақ қызы мен шетелдік жігіт арасындағы махаббат. Қазір қоғамның өзекті мәселесін меңзейтін тақырып. «Мне тебя обещали» атты жаңа туынды. Өмірде болған шынайы оқиға арқау болған. Жаңа картина романтика емес, экшн мен драмаға толы. Басына талай сынақ түскен бойжеткенің алдағы ғұмыры қалай болмақ? Оны бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіліп жатқан фильмнен көріңіздер.

Дәл осы картина түсірілім алаңындағы басты кейіпкердің көз алдында өтеді. Қайғылы оқиғадан шошып қалған бойжеткен Каспий теңізінің жағасында тұратын ағасының үйіне барады. Күйзелісін жеңуге аттанған ол мұнда махаббатын кездестіруді күтпесе керек. Аяқ астынан Еуропадан келген орнитолог Мариус атты жігітпен танысып ғашық болады.

Толғанай Талғат, актер:

Қазақ қызы шетелден келген ер адаммен қарым-қатынасқа түседі. Бізде қазақта бұндайға басқаша қарайды. Сондықтан мен Ақтауда көп сынға түстім. Алматыда да сынға түсемін деп ойлаймын. Бірақ одан қорықпаймын. Өйткені мен үшін бұл тек қана жұмыс. Жұмыс қана емес өнерім.

Нағыз шым-шытырық осы тұста өрбиді. Бойжеткен сүйген азаматының террористердің бастығы екенінен мүлдем бейхабар. Естіген кезде әуре-сарсанға түсіп, екі оттың ортасында қалады.

Продюсердің айтуынша, картина өмірден алынған. 2010 жылы Маңғыстау облысында болған дәл осыған ұқсас оқиғаны арқау етіпті. Бірақ туындыда шынайы махаббаттың әдемі бір бейнесін көрсеткісі келгенін жеткізді.

Гүлнәр Сәрсенова, продюсер:

Фильм негізінен махаббат туралы. Бірақ мелодрама емес. «Сені маған уәде етті» деген атау аспан, жаратушы, ғалам күшімен келген сезім екенін жеткізу. Әрбір адам іштей дәл осындай ыстық махаббатты күтіп, осындай ынтық жүректі іздейтіні жасырын емес. Бұл тек ер адам мен әйел арасындағы тулаған ғашық сезімі ғана емес, бұл үлкен түсіністікпен құралған махаббат. Жанымыздағыларға деген сүйіспеншілік. Бұл өз еліңе деген махабббат.

Продюсер бұған дейін талай көрерменнің жүрегінен орын алған «Моңғол», «Тюльпан», «Айка» фильмдері арқылы танымал. Кезекті картинасын түсіруге екі жылдай уақыт кетіпті. Туындыға ат қою кезінде де көп ойланбаған екен. Өзі сүйіп оқитын әзірбайжан жазушы Эльчин Сафарлидің кітабына сүйенген. Ендеше есімі мен жанры ерекше фильмді көруге асығыңыздар. Арпалыс пен драмаға толы махаббат картинасы бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатында көрсетіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.