{metadescription}
Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз басып өлтірді
Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз басып өлтірді

Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз басып өлтірді

Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз басып өлтірді. Жазатайым оқиға кеше таңғы сағат жеті шамасында Шығанақ - Шу бағытындағы «Жиделі-Бірлік» учаскесінде болған.

Шу станциясына қарасты қызмет көрсету бөлімінің төрт қызметкері тепловоздан түсіп қалған жабдықтарын іздеуге шыққан. Сол кезде екі жұмысшыны Астана - Шымкент бағытындағы жолаушылар пойызы жаншып өткен. Пойыз машинисі апат тежегішін басқанымен, ауыр техниканы тоқтату мүмкін болмапты. Марқұмдардың бірі 62, екіншісі 57 жаста. Қос теміржолшы да осы салада ширек ғасырдан астам қызмет атқарған тәжірибелі мамандар. Болған қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, тергеу басталды.

Ерлан Сенгірбаев, «Шу» стансасы желі полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары: 

Желі полиция бөлімімен, яғни теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу бойынша қылмыстық ісі қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде