Қарағандыда жеңіл көлікті пойыз жаншып өтіп, екі жолаушы мерт болды
Қарағандыда жабық шлагбаумды айналып өтіп темір жолды кесіп өтпек болған жеңіл көлікті пойыз жаншып кетті. Салондағы екі жолаушы сол сәтте тіл тартпай өліп кеткен.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
22.01.2024
Тепловоз теміржол тұйығынан жаңа шыққан беті екен. Ол қатты жылдамдық алып үлгермегені анық. Сондықтан кабинасы биік орналасқан локомотивтің машинисті алыстан жылт ете қалған Лада Приораны байқамаған да болуы мүмкін. Жүз метрге дейін сүйрелген көлікте отырған алты адам әбден жаншылған. Екеуі сол жерде жан тапсырса, көліктің 31 жастағы жүргізушісі мен тағы үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Ерік Шонбаев, травматолог:
— Өте ауыр жағдайда жеткізілді. Аяқ-қолы, жамбас сүйектері сынып, іш құрылыстары езіліп кеткен. Бәрі жансақтау бөліміне жатқызылды. Мүмкіндігінше ота жасалып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!